Сыншыл реализм

lat: Synshyl realızm

( философияда) 20 ғасырдың 20-30 жылдарында американ философиясындағы ағым (Д.Дрейк,А.О.Лавджой,Дж.Б. Пратт, А.К.Роджерс, Сантаяна, Р.В Селларс және т.б). Неореализмге қарсы пиғылда пайда болған. Неореалистердің обьектінің санаға «имменентілігі» туралы, обьектінің санаға тікелей «енуі» туралы қағидасына сыншыл реализм таным актісінің құрылымы туралы өз ілімін қарама қарсы қойды. Соңғысы үш элементке: субьектіге, обьектіге және «дерекке» немесе «мәнге» келіп саяды. Біздің санамыздың мазмұнын құрайтын да бейне бір осы «мән» тәрізді.Сыншыл реализм іліміне сәйкес, обьектіден айылмашылығы «мәндер» бізге тікелей айқындықпен берілген, оларға біздің санамыздың барлық жетістіктері біріктірілген. Сыншыл реализм осы мәндерді орта ғасыр реализмнің универсалиялары тәрізді обьективті түрде өмір сүретін нәрсе ретінде көрсетуге тырысады. «Мәннің» ерекше физикалық шындықтан айрықша ақиқаттығы болады: оған кеңістік уақыт сипаттамасын қолдануға болмайды. Сыншыл реализм бойынша «мән» ешбір жағдайда заттардың бейне немесе көшірмелері болмақ емес. Неориализм сияқты, сыншыл реализм де сонысымен матералистік бейнелеу теориясына қарсы бағытталған. Сыншыл реализм реалды дүниенің болуын мойындайды: алайда бұл да түйсікке және реалды дүниеге «жануарлық түрде сөнуге» негізделген (Сантанна). Осы жалған «реализмнің» түп негізі оның материалдық пен идеалдықтың, обьективтік пен субьективтіктің айырмашылықтарын бұрмалап түсіндіруінде, сананы обьективті дүниеге метафизикалық тұрғыдан қарама - қарсы қоюында болып табылады.